МИНИСТРЛІК РЕЙТИНГІ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТІ ҮШІНШІ ОРЫНДА

Уақыты: 19.02.2020
Оқылды: 853
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті алқасының отырысында аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің өткен жылға арналған рейтингісі шығарылды.

2019 жылғы жұмысты рейтингтік бағалау нәтижесінде Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өткен жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытынды бағалауымен салыстырғанда 6-шы позицияға көтеріліп, республика бойынша 3-орынды иеленді. 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен рейтингтік бағалауға сәйкес рейтингтің барлық көрсеткішінің мақсатты көрсеткіштері берілген, оларға жеткен кезде оң балл беріледі, жетпеген жағдайда  теріс балл беріледі. Рейтингтік бағалау индикаторлар мен көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы, артық төлеу, берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек, шағын бизнес субъектілеріне әкімшілендіру, мемлекеттік қызметтер көрсету  және басқалары.

Облыс бойынша мем­ле­кет­тік кірістер депар­таменті жалпы рейтинг­те Қостанай және Түркістан облыстарынан кейінгі 3-орынды және республика бойынша бюджеттің кіріс бөлігін орындауда 1-орынды иеленді. Бюджеттің болжамдық көрсеткіштері асыра орындалды. Өткен жылы мемлекеттік бюджеттің кірістер жоспары 101,1 пайызға орындалып, 509,3 млрд.теңге түсім түсті. Жоспардан тыс 5,5 млрд.теңгеге артты. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 122,6 млрд.теңгеге артып, өсу қарқыны 131,7 пайызды құрды.

Аумақтар                        

  Орын

Қостанай облысы

 1

Түркістан облысы 

 2

Алматы облысы 

 3

БҚО                 

 4

ШҚО                 

 5

Нұр-Сұлтан қ.            

 6

Қызылорда облысы       

 7

СҚО                 

 8

Жамбыл облысы        

 9

Алматы қ.            

10

Ақмола облысы       

11

Шымкент қ.            

12

Павлодар облысы         

13

Маңғыстау облысы        

14

Атырау облысы            

15

Ақтөбе облысы          

16

Қарағанды облысы         

17

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы басқармасы

Сурет ғаламтордан алынды