САЛЫҒЫ ТӨЛЕНБЕГЕН АВТОКӨЛІК АЙЫППҰЛ ТҰРАҒЫНА ҚОЙЫЛАДЫ

Уақыты: 19.02.2020
Оқылды: 1055
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысының мемлекеттік кірістер департаменті, Алматы облысының полиция департаменті, жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы қызметкерлері көлік құралдарына салынатын салық бойынша қарызды өтеу, төленбеген әкімшілік айыппұлдар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша өндіріп алу деңгейін арттыру мақсатында "Борышкер" республикалық акциясы аясында рейдтік іс-шаралар өткізді.

Іс-шараның мақсаты - көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешектер туралы азаматтарға жеткізу, тұрғындарды уақытылы өтеу қажеттілігі туралы ақпараттандыру.

Жұмыс істеу барысында ең тиімді шаралардың бірі – қарыз толық өтелгенге дейін борышкердің автокөлік құралын пайдалануды шектеу (айыппұл тұрағына арналған үй-жай) қолданылады.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде 85 жеке тұлғадан көлік құралдарына салынатын салық бойынша 4 933,8 мың теңге сомасына берешек өндіріп алынды, сондай-ақ, 12 көлік құралы мамандандырылған ақылы тұрақтарға қойылды.

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті тұрғындардан салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды күтпестен өз еркімен өтеуін сұрайды. Бұл жеке сот орындаушыларының қосымша шығындарын төлеуден үнемдеуге мүмкіндік береді.

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылы жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталғанын хабарлайды.

Салық бойынша берешектеріңіз болса немесе осыған қатысты сұрақтар туындаса, тұрғылықты жер бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына немесе облыстық мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасына телефон арқылы хабарласа аласыз: 8/7282/60-11-97, 8/7282/60-11-46.

Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы Мемлекеттік кірістер комитеті сайтынан немесе http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web сілтемесі арқылы білуге болатынын еске саламыз.

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті