САУАЛЫҢЫЗ БАР МА? САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗЕДІ

Уақыты: 02.06.2020
Оқылды: 774
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Ағымдағы жылдың 17 маусым күні сағат 15.00-де ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт СҰЛТАНОВ есеп беру үшін онлайн кездесу өткізеді.

Құрметті қазақстандықтар!

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі, Сауда және интеграция министрлігінің Facebook парақшасында және YouTube арнасы арқылы тікелей өтетін кездесуде қойғыңыз келген сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды «Ашық диалог» порталындағы министрдің блогына, министрліктің ресми сайтындағы онлайн-қабылдау бөлмесіне, ask@mti.gov.kz электрондық мекенжайына, сондай-ақ, министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасына жібере аласыздар.

Ол үшін «Есептік кездесу үшін» деген белгіні қою қажеттігін ескертеміз. Қойылған сұрақтарға министр тікелей эфирде жауап береді.

Сұрақтарды өңдеп, сапалы және дұрыс ақпарат даярлау үшін уақыт қажет болуына байланысты сауалдарыңызды 10 маусымға дейін жіберуді сұраймыз.

Анықтама үшін телефон: Нұр-Сұлтан қаласы, 8 (7172) 74-98-97, 8 701 701 01 34.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан