КІРІС КОМИТЕТІ ТАБЫСЫН ЖАСЫРҒАН ДӘРІХАНАЛАРДЫ АНЫҚТАДЫ

Уақыты: 01.07.2020
Оқылды: 1353
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Мемлекеттік кірістер комитеті көшпелі тексерулерсіз фарм қызметіне талдау жүргізді. Дәрі-дәрмектерді сатуға қосымша құн салығы салынбайтындықтан, дәрілік заттар айналымы өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін тауардың тарихын қадағалауға мүмкіндік беретін тауарларды бақылау жүйесіне кірмейді. Сондықтан, талдау белгілі бір кезеңде дәріхана қандай пайда алғанын қадағалауға болатын онлайн - БКМ көрсеткіштерінде құрылған.

Жаздың алғашқы 2 аптасында ғана қазақстандық дәріханалар 10 миллиард теңгеден астам табыс тапты. Алайда барлық кәсіпкер нақты айналымдарды көрсетпеді.

Республика бойынша дәріхана – қызмет түрін көрсете отырып, барлығы 3 527 кәсіпкер, 7 674 онлайн-БКМ тіркеген. Онлайн-БКМ енгізу салық есептілігін күтпестен, айналымдар сомасын ғана емес, өткізілген тауар, жұмыс немесе қызмет үшін есеп айырысу кезінде оны қолданбайтын кәсіпкерлерді де мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өту қажет.

Мысалы, 868 дәріхана иесі онлайн-БКМ қолданбайтыны анықталды, бұл ретте олар өз қызметін тоқтатқан жоқ. 239 дәріхана белгілі бір күндері чектерді шығарады, кейбір күндері онлайн-БКМ пайдаланылмайды, яғни, нөл бойынша түсім жасап отыр.

Күндізгі түсімі 5000 теңгеден кем болатын 99 дәріхана бар. Күн сайын бір түсімді көрсететін дәріханалар бар, мысалы, дәл 700 немесе 1000 теңге. Нәтижесінде, 3 527 дәріхананың ішінен адал және заңға мойынсұнғандары - 60 пайызы немесе 2137 дәріхана нақты айналымдарды көрсетті.

Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде чектерді талап ете отырып, азаматтық белсенділік танытуға шақырады.

Ағымдағы жылдың 13 мамырынан бастап комитет жыл сайынғы «Чекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» акциясын бастады. Жіберілген чектер үшін акцияға қатысушылар ұялы телефон теңгеріміне ақшалай қаражатты бірден алу мүмкіндігіне ие, ал чекті бермеген жағдайда акцияға қатысушылар тиісті шағымды ұялы қосымша арқылы жібере алады, шағымды растаған жағдайда кепілді ақшалай қаражатты ұялы телефон теңгеріміне ала алады. Сонымен қатар, дәрілік заттар үшін ҚҚС-сыз ЭШФ енгізудің орындылығы мәселесі туындайды, бұл айналымды да, баға белгілеуді де қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл мәселені Мемлекеттік кірістер комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнеспен пысықтайтын болады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті