АСҚАР МАМИН: "ҮКІМЕТТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ – ЖАҺАНДЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ ТЕРІС САЛДАРЫН ЖОЮ"

Уақыты: 22.07.2020
Оқылды: 963
Бөлім: ЭКОНОМИКА

ҚР Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен еліміздегі экономикалық, эпидемиологиядық жағдайдың тұрақтылығына байланысты Үкімет отырысы өтті. Онлайн режимінде өткен Үкімет отрысына облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ қатысты.


«Ұлттық экспорттық стратегия» бағдарламасы аясында экспорттық потенциял жөнінде қосымша жұмыстар талқыланып, қолға алынды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет пен білім саласына төртінші өнеркәсіптік революцияны ендіру іске асырылуда», – деген Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов Жарғыға сәйкес жауапты мекемелерге тапсырма жүктелгенін жеткізді. Одан бөлек, Қазақстан Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ұсыныстармен баяндама жасады.  

Өз кезегінде еліміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады. Ол дәрі-дәрмекке қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің №62, №66 бұйрығын жою туралы ұсынысын жеткізді. Уақытша дәрі-дәрмек тасымалдаушы компаниямен келісімге келіп, жыл басында бекітілген бағамен жеткізу мүмкіндігіне тоқталды. Өйткені, бұйрыққа сәйкес, бекітілген бағаны өзгерту үшін қайтадан келісімшартқа отыру керек. Ол бірнеше ай уақытты алады. Бұл қазіргі жағдайда өте көп уақыт. 

«Қазіргі кезде Үкіметтің негізгі міндеті – коронавирус індетінің және жаһандық дағдарыстың теріс салдарын жою, елімізде жұмыспен қамтуды қолдау. Осы мақсатта ауқымды шаралар қабылданып жатыр», – деді А. Мамин.

Үкімет басшысы 2020 жылдың соңына дейін Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар аясында тұрғындардың іскерлік белсенділігін ынталандыруға, жұмыспен қамтуды және табысын қолдауға бағытталған нақты салалық шаралар іске асырылып жатқанын айтты. Жаңа редакциясында 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарды әзірлеу жұмысы жүргізілуде, ол еліміздің орташа мерзімді перспективаға арналған жаңа экономикалық бағытының негізгі бағдарларын айқындайды.

Еңлік ҚАБДЕШ