"ТӨЛЕУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ": АРМЕНИЯДАН ӘКЕЛІНГЕН КӨЛІК ИЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

Уақыты: 10.08.2020
Оқылды: 970
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram, Twitter, ВКонтакте) Алматы бойынша аккаунттарының парақшаларында және департаменттің ресми сайтында көлік құралдарын тіркеу мәселесі бойынша Армения Республикасының аумағынан ҚР аумағына әкелінген автокөліктердің иелері үшін қажетті барлық ақпараттарды орналастырған еді. Алайда қазіргі уақытқа дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде аталған мәселе бойынша шындыққа сай келмейтін ақпараттың таралуы жалғасын табуда.

Осыған байланысты Алматы бойынша МКД (мемлекеттік кірістер департаменті) сіздерден, сыртқы экономикалық қызметтің құрметті қатысушылары, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жүрген барлық бұрын әкелінген көлік құралдары (Армения мен Қырғызстан) кедендік тазартуға және кейіннен көлік салығын төлей отырып, бастапқы тіркеу үшін алымды төлеуге жататындығы туралы ақпаратты шындыққа сай келмейді деп санауды сұрайды.

2020 жылғы 20 мамырда «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №306 қаулысына қол қойылғандығын естеріңізге сала кетейік.

Осы қаулыға сәйкес, 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген басқару органдары сол жақты орналасқан көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым мен мемлекеттік баж төлей отырып тіркеуі қажет.

Көлік құралын мемлекеттік тіркегені үшін алым – 0,25 АЕК және мемлекеттік баж: көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті бергені үшін – 1,25 АЕК, егер Салық кодексінің 615-бабында өзгеше белгіленбесе, автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін бергені үшін - 2,8 АЕК құрайтындығын айта кеткен жөн.

Бұл ретте осы қаулының 5-тармағына сәйкес тіркелген көлік құралының меншік иесі оны бастапқы тіркеу туралы шешім қабылдағанға дейін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері шеңберінде қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін кедендік баждарды, бастапқы тіркеу үшін алымдарды және төлемдерді төлеудің қажеттігі жоқ.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің түсіндіруіне сәйкес жоғарыда аталған көлік құралының иесінде оны Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету және оны тіркеу есебінен шығару кезінде кедендік төлемдерді, механикалық көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алымды және кәдеге жарату алымын төлеу жөніндегі міндеттеме туындамайды.

Осыған байланысты әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, Twitter, ВКонтакте) Алматы бойынша МКД аккаунттарының жазылушысы бола отырып, сілтемелер арқылы өтіп (көк түсті) салық және кеден заңнамалары мәселелері бойынша уақытылы және нақты ақпаратты ала аласыз.

Алматы бойынша МКД түсіндіру жұмыс басқармасы