САЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ САУАЛЫҢЫЗ БОЛСА, АЛДЫН АЛА ОНЛАЙН ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

Уақыты: 07.09.2020
Оқылды: 1869
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысының мемлекеттік кірістер органдарына бару үшін онлайн жазылу мүмкіндігі бар.

Шілде айынан бастап E-Salyq mobile мобильді қосымшасында мемлекеттік кірістер органдарына бару күні мен уақытын брондауға мүмкіндік беретін жаңа қызмет пайда болды.

Жаңа қызмет алушыларға уақытты үнемдеуге және кезекте тұрмауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің жоғарылауы жағдайында алдын-ала брондау мүмкіндігі келушілер ағынын реттеуге және қызмет көрсету орталықтарында кезекке тұруға жол бермеуге жағдай жасайды.

Онлайн-брондау Е-Salyq mobile мобильді қосымшасының "электрондық сервистері" бөлімінде, сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында  қолжетімді.

Алматы облысында осы қызметті бес ауданның - Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл Қарасай және Талдықорған, Қапшағай қалаларының салық төлеушілері пайдаланды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"