АРМЕНИЯДАН КЕЛГЕН КӨЛІКТЕРДІ ТІРКЕУ МЕРЗІМІ ТАҒЫ ДА ҰЗАРТЫЛДЫ

Уақыты: 15.09.2020
Оқылды: 1048
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Армениядан әкелінген автомобильдерді тіркеу мерзімі 2021 жылдың 1 наурызына дейін ұзартылды.

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Үкіметтің ағымдағы жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысының 1-тармағының 1-абзацына өзгеріс енгізілуіне байланысты, яғни, Армениядан әкелінген автомобильдерді тіркеу 2021 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылғанын хабарлайды.

Бұрынғы мерзім 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін белгіленген болатын. Ендігі кезекте тағы да 2021 жылдың 1 наурызына дейін ұзартылып отыр.

Бұл өзгеріс мемлекеттік тіркеу үшін алым мен мемлекеттік баждары төленген, Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген, жүргізу органдары сол жақта орналасқан көлік құралдарына қатысты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"