ЖЫЛ САЙЫН ЖАМАП-ЖАСҚАЛАТЫН МЕКТЕПКЕ БИЫЛ ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ

Уақыты: 23.09.2020
Оқылды: 1143
Бөлім: ЭКОНОМИКА

"Сарқан ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Екіаша орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде," - деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өңірлерде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру ары қарай жалғасатын болады. Бұл жайында  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауында айтып өткен еді.

«Ауылдағы ең өткір проблемаларды шешуге бағытталған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатын болады. Өңірлік дамудың жаңа әдістері урбанизация процесін басқаруға, «көші-қон толқынының» кезең-кезеңмен жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге, ірі қалаларда халық санының артып кетіп, әлеуметтік шиеленісті болдырмауға мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Екіаша ауылындағы мектеп өткен ғасырдың 60 жылдары салынған. Жыл сайын жамап-жасқағанымен, білім ошағының жағдайы сын көтермейтін жағдайға жеткен еді. Бүгінгі күні ауыл мектебінде 400-ден аса оқушы білім алуда. Бағдарламаның шарапатын көріп жатқан екіашалықтардың қуаныштарында шек жоқ. Тамыз айында басталған күрделі жөндеу жұмыстарын жауапты мердігер «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС жүзеге асыруда. Сонымен қатар, Екіаша ауылында биылғы жылы 7 шақырым болатын ішкі көше жолдарына да қатты жабын (асфальт) төселіп жатыр. Бұл «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында іске асуда.

Айта кеткен жөн, жалпы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 800 млн.теңге бөлінген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"