АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ЕКІ КҮН ОБЛЫСТЫҢ АГРОӨНІМДЕРІ САУДАЛАНАДЫ

Уақыты: 10.10.2020
Оқылды: 1634
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Бүгін таңғы сағат 8.00-ден бастап Алматы қаласында Алматы облысы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өтетін орындары: «Астана» алаңы (Төле би көшесі, Абылай хан мен Әйтеке би көшелерінің аралығында), «Алатау» концерт залының жанында (Б.Момышұлы көшесі, Панфилов пен Абылай хан көшелерінің аралығында).

Жәрмеңкеге облыстың 3 қаласы мен 17 ауданы және «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қатысады. Онда өңірде шығатын азық-түліктің 48 түрі, атап айтқанда ет, сүт, нан, балық өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек нарықтағыдан төмен бағада саудаланады. Жалпы, екі күн ішінде 130,3 млн.теңге болатын барлығы 403,2 тонна өнім өткізіледі деп күтілуде.

Жәрмеңке азық-түлік бағасын ырықтандыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Арзан бағадағы жәрмеңке екі күнге жалғасады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"