Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МЫҢДАҒАН САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ӨСІМПҰЛЫ КЕШІРІЛДІ

Уақыты: 02.01.2021
Оқылды: 882
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге рақымшылық жасау бойынша жаңа деректерді жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Алматы облысы бойынша өсімпұлдарды есептен шығару бойынша акция аясында борышкерлер саны 181 мың жеке тұлғаны құрады. Онда оларда 2 935.8 млн.теңгеден астам берешек болған, оның ішінде, негізгі борыш сомасы - 2 660.8 млн.теңге және өсімпұл - 274.9 млн теңге.

"Бүгінгі таңда Алматы облысы бойынша рақымшылықты 52 275 салық төлеуші пайдаланды. Онда 108.1 миллион теңге сомасына өсімпұл есептен шығарылды және өтелген негізгі борыш сомасы 893.8 миллион теңгені құрайды", - делінген салық өкілдерінің хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан