ӘРБІР КӘСІПОРЫН АДАЛ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАТТАРЫН ҰСТАНУЫ ТИІС

Уақыты: 22.01.2021
Оқылды: 896
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (бұдан әрі - ӘМАТ) бағаларды тұрақтандыру және ұстап тұру мақсатында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 195-1-бабына сәйкес, ӘМАТ (1 санаттағы тауық жұмыртқасы) өндіру мен өткізуді жүзеге асыратын "Когер ЛТД" ЖШС ұсынған монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісін қарады.

Монополияға қарсы комплаенстің осы сыртқы актісіне қол қойған "Когер ЛТД" ЖШС нарықтық экономика және адал бәсекелестік қағидаттарын сақтауды ұстануға, сондай-ақ, нарықтың барлық қатысушылары үшін әділ және тең жағдайларды, оның ішінде тауарды өткізудің ашық және кемсітпейтін шарттарын жасауға және қамтамасыз етуге өзінің ниеті мен ұмтылысын растайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан