ҚАРЛЫ БОРАНҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАБЫЛҒАН БАРЛЫҚ ЖОЛ ҚАЗІРГІ ТАҢДА АШЫҚ

Уақыты: 23.01.2021
Оқылды: 576
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдар қайта ашылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

«23 қаңтар күні, таңғы сағат 8:15-тен бастап Алматы облысының аумағындағы республикалық маңызы бар жолдар автокөліктің барлық түрлері үшін ашық», - делінген аталған департаменттің баспасөз қызметі берген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қаңтар күні Қапшағай қаласынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі, сондай-ақ, аудан, ауыл арасындағы жолдар қарлы боранға байланысты жабылған болатын. Қазір қозғалыс қайта қалпына келді, жолдар ашық.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан