ПРЕЗИДЕНТ: "ВАКЦИНА - ПАНДЕМИЯНЫ ЖЕҢУДІҢ ЖАЛҒЫЗ СЕНІМДІ ЖОЛЫ"

Уақыты: 02.02.2021
Оқылды: 1279
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстан Президенті жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін айтып, әлеуметтік желіге жазба қалдырды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

«1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді. Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын», - деп жазды Мемлекет басшысы.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан