ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫМЕН ЖЕТІСУЛЫҚ ЕКІ ЗІЛТЕМІРШІ НАГРАДТАЛДЫ

Уақыты: 14.08.2021
Оқылды: 1085
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ ХХХII жазғы Олимпиада ойындарында ел атынан қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен бірқатар спортшыны марапаттады. Мемлекеттік награда алғандардың ішінде жетісулықтар да бар. Бұл туралы "Жетісу" газеті Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Атап айтқанда, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденін Сметов Елдос Бақтыбайұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы, ІІ дәрежелі «Достық» орденін Чиншанло Зульфия Салахаровна – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы алды.

Ал «Құрмет» орденімен Асәділов Дархан Абсадықұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы, Берульцева Софья Полихроновна – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы, Бибосынов Сәкен Исмадияругли – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы, Қоңқабаев Қамшыбек Бисенбайұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы, Санаев Нұрислам Валентинұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы, Сон Игорь Сергеевич – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы наградталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"