МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

Уақыты: 22.08.2021
Оқылды: 1280
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы "Жетісу" газеті Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

"Бүгін Қазақстан Президенті Алматы облысына сапары барысында «Қайсар-2021» шұғыл-тактикалық оқу-жаттығуларын көреді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы медициналық құралдар, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және жағармай шығаратын бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмыстарымен танысады", - делінген Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли таратқан хабарламада.

Ал ертең, 23 тамыз күні Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар іс-шара өткізбек. Соның ішінде, Президент бейнеконференция форматында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады деп күтілуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"