АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

Уақыты: 14.06.2022
Оқылды: 2081
Бөлім: САЯСАТ

Жетісу облыстық мәслихатының

аумақтықсайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру туралы

ХАБАРЛАМА

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10 – бабына,  сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты Жетісу аумақтық сайлау комиссиясын жаңа  құрамы қалыптасатыны туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссисы жеті мүшеден тұрады.

Сайлау комиссияның өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссияның құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн он бес күннен кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы   15 маусымнан 4 шілдеге дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі);

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылған барлық құжаттар қағаз форматта қол қойылған, мөрмен расталған болуға және онда орындалған күнін, орындаушы туралы белгі, аты-жөні және оның телефон номеріболуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау  2022 жылғы 4шілдеге  дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін.

 

Жетісу облыстық  мәслихаты

 

Жетісу облыстық мәслихатының хатшысы Г. Тойлыбаева.

Мәслихаттың орналасқан жері: Талдықорған қаласы, Қаратал ш/а, 36а Достық үйі, 65, Жауапты тұлғалар – Нұрахметов С.М., Бейсенбаева С.Б.

 

 

каб. № 204, қызметтік телефон нөмірі-87004398933, 87014956783, электрондық пошта мекенжайы info@almoblmaslihat.gov.kzескерту.

Жетісу облыстық мәслихаты аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін сайлайды

 

№ п/п

Сайлау учаскесінің номері

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

 

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1

2

3

4

 

Жетісу облыстық сайлау комиссиясы

 

1.

 

г. Талдыкорган, Каратал, ы/а 36а, Достық үйі, 65

7

 

 

 

 

 

                                                                                              Жетісу облыстық мәслихаты