МҰНДАЙ ҚАСІРЕТ ЕШҚАШАН ҚАЙТАЛАНБАУЫ КЕРЕК - ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ

Уақыты: 29.08.2022
Оқылды: 1244
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 29 тамыз - Ядролық сынақтан бас тарту күніне байланысты әлеуметтік желіде жазба қалдырды. Бұл туралы "Жетісу" газетінің сайты хабарлады.

"Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мән-маңызы айрықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады", - деп жазды Президент.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан