«Халық моншаға 2 аптада бір-ақ рет баратын болды»: Депутат елдегі қымбатшылық туралы айтты

Уақыты: 02.06.2023
Оқылды: 1159
Бөлім: САЯСАТ

Мәжілісте AMANAT фракциясының депутаттары «Халықтың табысын 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасының» кешенді жоспарын талқылады.

Бұл туралы 7-su.kz  желілік басылымы Halyq Uni дерегіне сүйеніп хабарлайды. 

Депутат Ерлан Саиров тұрғындардың жағдайы туралы айтқанда базардағы баға мен шенеуніктердің сөзі сәйкес келуі керектігін, сонда ғана халықтың сенімі туралы айтуға болатынын айтады. 

Халық сену үшін ең бірінші біздің сөзіміз бен базардағы баға сәйкес келуі керек. Менің ойымша, осындай кездесудің алдында Үкімет мүшелері міндетті түрде базарға барып шығуы керек. Бүгінде Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 3,2%-ға өсті деп айтасыздар. Бірақ еліміздегі инфляция 20%-ға өсті ғой. Қырғызстанда инфляция – 14%. Өзбекстанда – 12%, Ресейде – 11%, - деді Ерлан Саиров Мәжілісте өткен жиында.

Депутат халықтың табысы төмендегенін моншадан да байқауға болатынын атап өтті.

«Мен «Артем» базары мен Small дүкеніне барамын. Адамдар күнделікті тұтынатын нан, май, макарон, күріш 80%-ға қымбаттады. Осыны біз неге айтпаймыз? Жігіттер, мен «Керемет» деген моншаға барамын. Қазір халық жетісіне бір емес, 2 аптада бір рет моншаға баратын болған. Өйткені халықтың табысы төмендеп кетті. Әріптестер, бүгінгі индкаторларды өзгерту керек. Сіздердің (Ұлттық экономика министрлігі) индикаторларыңыз дұрыс емес. Ішкі жалпы өнім Қазақстан хақының әл-ауқатының индикаторы бола алмайды. Негізгі индикатор – үй шаруашылықтарының табысы», - деді ол.

Тағы оқи отырыңыз"Адамдар нан таба алмай отырса": Ринат Зайытов Мәжілісте жаңа жобаны "сойып" салды

Фото: ашық дереккөзден