"Бұрын-соңды болған емес": Депутат игерілмеген білім гранттына қатысты сауал жолдады

Уақыты: 07.06.2023
Оқылды: 864
Бөлім: САЯСАТ

Мәжіліс отырысында тағы бір түйіткілді мәселе көтеріді. Айталық, былтыр Ғылым және жоғары білім министрлігі 18 мың грантты игере алмаған, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Депутат Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, «Amanat» партиясының бағдарламасы бойынша жыл сайын жоғары білімге бөлінетін грант саны 5 мыңға ұлғайып отырады.

Былтыр министрлік 18 мың грантты игере алмады. Жастарымыз 18 мың грантсыз қалды. Мұндай ауқымды деңгейдегі қаражатты игермеу бұрын-соңды болған емес. Бұған дейін сіздер «бізге грант керек, бізге қаржы керек» деп айтып келдіңіздер. Біз қаржыны қарастырдық. Тіпті Мемлекет басшысы былтыр 10 мың грантты Батыс Қазақстан облысының түлектеріне бөлуді тапсырған еді. Оның 6 мың грантын Маңғыстау облысына бөлуді тапсырған болатын. Сол 6 мың гранттың 4/1 ғана игерілген, - деді депутат.

Сонымен қатар Жұлдыз Сүлейменов министрліктен өңірлердегі маман тапшылығы мен игерілмей қалған гранттарды алдағы уақытта қалай игеретін жоспарын сұрады.

Маңғыстау облысында білікті, жоғары білімді мамандарға деген тапшылық өте жоғары. Осы орайда гранттардың игерілмеуіне байланысты нақты мониторинг жүргізілді ме? Сіздер айтасыздар, біз басқа облыстарға қайта бөлдік деп, ол уақыттағы аралық үлкен уақытты қамтиды. Жастарымыздың біразы грантсыз қалды. Алдағы уақытта бөлініп отырған 5 мың грант толық игеруге қатысты өздеріңіздің нақты жоспарларыңыз қандай? - деп Ғылым және жоғары білім министрлігіне өз сауалын жолдады.