Оқи отырыңыз
Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Қазақстанда АЭС құрылысын қаржыландыру туралы сауалға жауап берді.
Оның сөзінше, құрылыс бөліп төлеу арқылы жүзеге асуы да мүмкін.
Әзірге кімнің, қай елдің салатыны туралы шешім қабылданған жоқ. Тиісінше қаржыландыру қалай жүретіні де анықталмады. АЭС құрылысын қаржыландырудың бір жолы ретінде бөліп төлеу қарастырылып жатқанын білемін. Оны салатын компания төлемді кейінге қалдыра алады. Тиісінше қаржыландыру үшін қаражат қажет болмауы мүмкін. Бірақ қазір біз оны дәл айта алмаймыз, өйткені кімнің салатыны туралы нақты түсінік жоқ, - деді Қасенов Сенаттағы брифинг кезінде.