Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың жаңа 2025 жылмен құттықтауы

Уақыты: 01.01.2025
Оқылды: 1906
Бөлім: САЯСАТ

Құрметті жетісулықтар!

Сіздерді жаңа 2025 жылдарыңызбен құттықтаймын! 

Осы мереке қарсаңында әдетте жылды қорытындылап, болашаққа жоспар құрып, арман-мақсаттарымызды айқындаймыз. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін бәріміз күш-жігерімізді жұмылдырып, ортақ істерді бірігіп атқардық. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер салдық, жолдар жөнделді, газ бен су жүйелері тартылды. Халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын осындай іс-шаралар алдағы жылы да жалғасады. 

Келер жылы атқарылатын ауқымды істерімізді, батыл бастамаларымыз бен айқын мақсаттарымызды еңбексүйгіштік, береке-бірлік, өзара сенім, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты ізгі қасиеттер арқылы жүзеге асырамыз деп сенемін.  

2025 жылда өңірдің өсіп-өркендеуінің жаңа көкжиектері ашылып, игі жаңалықтарымыз, қуанышты сәттеріміз көп болсын.

Баршаңызға мықты денсаулық, молшылық, бақыт, отбасыларыңызға берекелі ғұмыр тілеймін!

Фото: gov.kz