Жетісу облысында әкімдер сайлауы қашан өтеді?

Уақыты: 15.01.2025
Оқылды: 1536
Бөлім: САЯСАТ

Жетісу облысының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау өтетіні жайлы Жетісу облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Аталмыш саяси науқан 2025 жылғы 16 ақпанға  тағайындалған.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Ақсу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қарасу ауылдық округі, Алакөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Екпінді ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындады.

Сайлау 2025 жылғы 16 ақпанға тағайындалды, ауыл әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 9 қаңтарынан басталып, 2025 жылдың 21 қантарына жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады, делінген хабарламада.

Фото: egemen.kz