Оқи отырыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда жүгенсіздікке жол беруге болмайтынын айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
– Елімізде дін бостандығына кепілдік берілген. Бірақ жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке жол беруге болмайды. Діннің аса маңызды миссиясы – ұлтты ұйыстыру. Діни ұйымдардың қызметін реттейтін құжаттар осы талапқа сай болуы тиіс. Бұл мәселені жан-жақты қарау керек. Соның ішінде заңнаманы жаңа жағдайға бейімдеп отыру өте маңызды, - деді Тоқаев.
Фото: Ақорда