ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ: ҰМЫТЫЛМАС СӘТ

Уақыты: 20.03.2019
Оқылды: 1489
Бөлім: САЯСАТ

Елбасымыз тәуелсiздiктiң көшiн бастап, байтақ елдiң бүгiнi мен ертеңi үшiн аянбай еңбек еттi. Бұғанасы қатпаған жас мемлекеттi аяғынан тiк тұрғызып қатарға қосты. Соның арқасында бейбiт елде берекелi ғұмыр кешiп келемiз.

Аз ғана уақыт бұрын екi мәрте қабылдауында болып, ықыласына бөлендiм. Руханиятқа, әдебиетке деген құрметiн сезiнген соң кеудемдi мақтаныш кернедi. Бұл менiң өмiрiмдегi ұмытылмайтын тарихи сәт. Кiтабымды сыйлап тұрып қолтаңбамды қалдырған өлең жолдары мынадай едi:

Шақырған елін, жұртын нұрлы асуға,

Шынарлар өседі екен шың басында.

Бағына қазағымның бере салған,

Біртуар ер боларсыз бір ғасырда.

Құшатын тауларының өркеші нұр,

Жайнайтын етегінде көрпесі гүл.

Жолбарыс кие болып түсіне енген,

Сүйінбай, Жамбыл бабам өлкесі бұл.

Қыран боп көкті тіліп самғағанда,

Ақ жолын Абылайдың жалғағанда.

Жол бастап даңғыл жайдың, ер арысым,

Алашым ақ батасын арнағанда.

Мақпал МЫСА,
«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы