Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: "БІРІНШІ ҚАЗАҚ ТІЛІ БОЛУҒА ТИІС"

Уақыты: 27.03.2019
Оқылды: 1308
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте Үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылады. Шара барысында білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды.

Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли "Фейсбуктегі" парақшасында жазды. «Бұл - өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, бірінші қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек», - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

"ҚАЗАҚПАРАТ"