ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Уақыты: 26.04.2019
Оқылды: 1471
Бөлім: САЯСАТ

«Жетісу» газетінің (бұдан ары қарай Газет) меншік иесі – «Өлке тынысы» ЖШС 2019 жылдың 9 маусымында өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасы Президенттігінен үміткерлердің сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін басылым алаңын беру шарттары жайында хабарландырады.

Газеттің басылым алаңын берудің жалпы шарттары мен тәртібі. Газет 540 шаршы сантиметрден аспайтын екі үгіттік және ақпараттық баспа материалын орналастыру үшін басылым алаңын бере алады.

Газеттің басылым алаңын беру газеттің меншік иесімен Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатқа баспа үгіттік және ақпараттық материалдарды орналастыру үшін басылым алаңын беру жөніндегі жазбаша келісім негізінде жүзеге асырылады. Келісімшарт пен тиісті құжаттардың формасы төменде келтірілген жазбаша өтінішті тапсыру кезінде беріледі. Үміткердің /сенімді тұлғаның/ Газетпен басылым алаңын беру жөніндегі келісімшартқа қол қоюы үміткердің /сенімді тұлғаның/ сайлауалды үгіт жүргізуге байланысты газеттің қызметін қабылдауға келісімі саналады. Мұндай келісімшарт жасау үшін үміткер /сенімді тұлға/ газеттің меншік иесіне төмендегідей ақпаратты көрсете отырып жазбаша өтініш береді.

  1. Жазбаша өтініштің тіркеу нөмірі, айы-күні мен уақыты;
  2. Жазбаша өтініш берген үміткердің  аты-жөні /сенімді тұлғаның аты-жөні/;
  3. Тұлғаның жазбаша өтініш беруге өкілеттігін айғақтайтын құжат:

Үміткердің /сенімді тұлғаның/ жеке куәлігі, үміткердің /жеке тұлғаның/ уәкілетті мемлекеттік орган берген куәлігі, ҚР заңдылығына сәйкес өзге құжат.

  1. Жоспарланып отырған орын көлемі, үгіттік баспа материалдарының түрлері көрсетілген жазбаша өтініштің мазмұны;
  2. Үміткердің немесе сенімді тұлғаның қолы.

Газет осы Ақпараттық хабарлама негізіндегі жазбаша өтінішті 2019 жылдың 6 мамырынан бастап 2019 жылдың 3 маусымды қоса алғандағы мерзімге дейін, демалыс және мерекелік күндерден басқа кездері, күн сайын сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін мына мекенжайда қабылдайды: Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі, 28 үй, 4-қабат.

Жазбаша өтінішке тиісті құжаттардың көшірмелері қоса беріледі. Мақалаларда оның төленгендігі, материалды дайындаған жауапты тұлғалар, қаржыландыру көзі, ақпаратты берген тұлғалардың аты-жөндері жайындағы ақпарат болуы тиіс.

Баспа материалдарын орналыстыру кезектілігін газет жазбаша өтініштердің түсу ретіне қарай белгілейді. Бірнеше кандидаттан /сенімді тұлғалардан/ бір мезгілде өтініштер түскен жағдайда газет сол күні жеребе тарту өткізеді. Жеребе тартуға баспа материалдарын орналастыру кезектілігіне күмән келтірген үміткер немесе үміткердің мүддесін қорғайтын сенімді тұлға және даудың тәуелсіз жағы ретінде БАҚ өкілі қатысады. Әр үміткерге /сенімді тұлғаға/ баспа материалын орналастыру күні көрсетілген мөр басылған бір-бір конвертті таңдау ұсынылады. Конверттер саны дауласушылар санымен бірдей. Жеребе тарту аяқталғаннан кейін дауласушы жақтар мен БАҚ өкілі жеребе тарту хаттамасына қол қояды. Жеребе тартудың нәтижесі (хаттаманың көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына беріледі.

Үгіттік және ақпараттық баспа материалдарын беру тәртібі. Үгіттік баспа материалдары Газетке ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңы 28-бабының 3-тармағында көзделген көлемде, газеттің меншік иесімен басылым алаңын беру жөніндегі келісімшартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылып, беріледі.

Үгіттік және ақпараттық баспа материалдары газетке модульдер немесе мақалалар түрінде беріледі. Үгіттік және ақпараттық баспа материалдары газеттің шығатын күнінен 5 күнтізбелік күн бұрын беріледі.

Газет үгіттік және ақпараттық баспа материалдарын, егер онда конституциялық құрылымды күштеп өзгерту, Республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, әлеуметтік және рулық алауыздық, қатыгездік пен күш көрсету идеяларын, сонымен қатар, заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрамаларды құру идеяларын бар деп тапса және заңдылықта қарастырылған басқа да негіздерде, қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Барлық материал газеттің тек ішкі беттеріне орналастырылады.

Газеттің басылым алаңының мөлшері және төлем тәртібі. Үгіттік және ақпараттық материалдарды орналастыру үшін басылым алаңы төлемінің мөлшері: ҚҚС-ты қоса алғанда журналистік мақалалар жарияланған беттерге мақалалар мен модульдерді орналастыру үшін 1 шаршы см. төлемінің мөлшері - 350 теңге.

Төлем газет берген есепшот негізінде мұндай есепшот берілген күннен бастап 5 (бес) банк күні ішінде жүргізіледі.

Төлем газеттің басылым алаңын беру жөніндегі тиісті келісімшартта немесе есепшотта көрсетілген газеттің банктік реквизиттеріне төленеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"