ОНЛАЙН-ТЕКСЕРУ: САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІНДЕ БАРСЫЗ БА?

Уақыты: 14.05.2019
Оқылды: 2495
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстан Республикасының Президенті сайлауының өтуіне санаулы күн қалды. Осыған орай Алматы облысы сайлаушыларына арналған жаңа сайт ұяшығы іске қосылды. Өзіңізді сайлаушылар тізімінен тексеріп көргіңіз келсе, https://zhetysu.saylaw.kz/ осы сілтемеге кіре аласыз.

Мұнда сізге өзіңіз тіркелген сайлау учаскесінің нөмірі, мекен-жайы, ғимараты, байланыс телефоны, сондай-ақ, сайлаудың өтуіне жауапты тұлға туралы мәліметтер беріледі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"