Қ.ТОҚАЕВ: "ЖЕР ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ САТЫЛМАЙДЫ"

Уақыты: 22.05.2019
Оқылды: 1602
Бөлім: САЯСАТ

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ өзінің Мемлекет басшысы ретіндегі берік ұстанымын білдірді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Facebook» парақшасында хабарлады.

«Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің Президент ретіндегі берік ұстанымым!» Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында шаруа қожалықтары басшыларымен болған кездесуде осылай мәлімдеді.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барып, жастар форумына қатысты. Форум барысында Президент 2020 жылды Еріктілер қозғалысының жылы деп жариялауды қолдайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол «Жыл еріктісі» халықаралық сыйлығын тағайындауды ұсынды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»