ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: БІРІНШІ ДАУЫС БЕРГЕН КІМ?

Уақыты: 09.06.2019
Оқылды: 1409
Бөлім: САЯСАТ

Президент сайлауында ең бірінші дауыс берген Қазақстан азаматы тіркелді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Ең бірінші дауыс берген Қазақстан азаматы - Ильяс Құрманғали. Жапониядағы Васэда университетінің студенті», - делінген хабарламада. Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды. "Қазақпарат" агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет мемлекеттерде 9968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.

Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де - Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08.00-де ашылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"