ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ ТІРКЕЛМЕДІ

Уақыты: 09.06.2019
Оқылды: 900
Бөлім: САЯСАТ

Достық үйі жанындағы халықаралық байқаушыларға және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жәрдемдесу орталығында журналистермен кездесу өтті.

Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлау және сайлау барысы тақырыбында өткен басқосуды аталмыш орталықтың басшысы Арқау Шантаев ашып, жүргізіп отырды.

Жиында Қырғыз Республикасынан келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы байқаушылар комиссиясының өкілі Азамат Закиров:

- Сайлауды қадағалау мақсатында Қапшағай мен Талдықорған қаласындағы бірқатар учаскеде болдық. Қазірге дейін заңбұзушылық әрекетті байқаған жоқпыз. Сайлау әділ түрде өтуде. Халық белсенділігіне дән ризамыз, - дей келе, сайлауға деген дайындықтың өте жоғары екенін атап өтті.

Өз кезегінде сөз алған төрт делегат та сайлау жұмыстарына оң баға беретіндігін, әлі де облыс орталығындағы бірқатар учаскеде болатындықтарын жеткізді.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Талдықорған қаласы