Қ.ТОҚАЕВ - ТӘЖІРИБЕЛІ САЯСАТКЕР

Уақыты: 10.06.2019
Оқылды: 1089
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ сайлауды әділ өткізетінін айтқан еді. Қай тараптан қарасаңыздар да, "Фейсбуктан", интернет ресурстарынан ашық ақпараттандыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілді деп ойлаймын.

Бәріміз кандидаттардың бағдарламаларымен танысып, өз таңдауымызды жасадық. Менің таңдауым, әрине, Қасым-Жомарт Тоқаев болды. Өйткені, ҚР Президентінің бағдарламасы менің ел дамуы жолындағы жарқын идеяларыммен, ойыммен сабақтас, шынайы болды. Қ.Тоқаев білімді, жан-жақты, ішкі және сыртқы саясатты жақсы меңгерген, тәжірибелі саясеткер. Қазіргі таңда біздің Қазақстанға осындай Президент керек деп ойлаймын.

Біздің Президент - Қазақстанның алға қойған жоспарын жалғастырушы, келешек жастарға үлгі көрсетуші бірден-бір мемлекеттік тұлға.

Бақыт ҚАЛИЕВА,

«Жас Ұрпақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Сурет ғаламтордан алынды