ЕЛБАСЫ ЖОЛЫН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Уақыты: 10.06.2019
Оқылды: 996
Бөлім: САЯСАТ

Міне, еліміздегі ең үлкен саяси оқиға – кезектен тыс ҚР Президентін сайлау науқаны да аяқталды. Қазақстан халқы осы бір жауапты кезеңде бірлігі мен ынтымағын көрсетіп, белсенді түрде болашақ үшін дауыс берді.

Өз басым сайлауға түскен 7 кандидаттың әрқайсының сайлауалды бағдарламасымен жете таныстым. Себебі, жасыратыны жоқ, Елбасы өз Президенттік өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатқан сәттен бастап менің көңілімде ел ертеңі үшін бір алаңдаушылықтың пайда болғаны рас.

Осы орайда, менің таңдауым Елбасы саясатын жалғастырушы, «Нұр Отан» партиясы ұсынған кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлына түсті. Мен өзім таңдаған кандидаттың жеңіске жетіп, Президент болып сайланғанын қаладым. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 70 пайыздан аса дауыс жинаған Қ.Тоқаев елімізді жаңа жетістіктерге, жаңа белестерге жеткізеді деген сенімдемін.

Елдар САПАРОВ,

«Алматы облысы студенттерінің одағы» ЖҚБ төрағасы