Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: Қ.ТОҚАЕВҚА ҚАНША АДАМ ДАУЫС БЕРДІ?

Уақыты: 10.06.2019
Оқылды: 111
Бөлім: САЯСАТ

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 9 маусымында өткен кезектен тыс Президент сайлауында кандидаттардың қанша дауыс жинағанын жария етті. Бұл туралы "Қазақпарат" тілшісі хабарлады.

"Жамбыл Ахметбеков 167249  дауыс немесе сайлаушылардың 1,83 пайыз дауысын, Дания Еспаева 478153 дауыс немесе сайлаушылардың 5,2 пайыз дауысын, Әміржан Қосанов 1472733 дауыс немесе сайлаушылардың 16,02 пайыз дауысын, Төлеутай Рахымбеков 294271 дауыс немесе 3,2 пайыз дауысын, Амангелді Таспихов 190304 дауыс немесе сайлаушылардың 2,07 пайыз дауысын, Қасым-Жомарт Тоқаев 6504054 немесе сайлаушылардың 70,76 процент дауысын, Сәді-Бек Түгел 84348 дауыс немесе сайлаушылардың 0,92 пайыз дауысын жинады", - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтор беттерінен алынды