ЖАРЫЛЫС: Қ.ТОҚАЕВ АРЫС ҚАЛАСЫНА ҰШЫП ШЫҒАДЫ

Уақыты: 24.06.2019
Оқылды: 1697
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Арыс қаласында болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына өзі ұшып шығады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли "Facebook" парақшасына жазды.

Мемлекет басшысымен бірге Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек және құзырлы мемлекеттік органдардың басшылары да бармақ. Президент түске дейін Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыстағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жарылыстың себептерін анықтауды тапсырған еді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"