ПРЕЗИДЕНТ ГАЗЕТ ОҚИДЫ: МАҚАЛАДАҒЫ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ТАПСЫРМА БЕРІЛДІ

Уақыты: 20.09.2019
Оқылды: 842
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ "Egemen Qazaqstan" газетін оқып, онда көтерілген мәселе бойынша нақты тапсырма берді. Бұл туралы Президент өзінің "Twitter" парақшасына жазды.

Президент тапсырмасында Үкіметке Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірге Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыру айтылған.

«Egemen Qazaqstan» газеті Күршім ауданының 20 мыңнан астам тұрғынын толғандырған өзекті мәселені жазған. Онда жергілікті тұрғындар 50 жыл бұрын салынған ескі пароммен қатынап жүр. "Үкіметке Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірге Бұқтырма су қоймасына көпір салу үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, «Egemen Qazaqstan» газеті Өскемен мен өңірдің бүкіл қала-аудандарын жалғайтын, стратегиялық маңызы зор Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін «Қызыл ту» өткелі жұртты әбден әуре-сарсаңға салғанын егжей-текжейлі жазған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"