Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

"БҰЛ - АЙУАНДЫҚ": Қ.ТОҚАЕВ АЛМА АҒАШЫН ШАУЫП ТАСТАЙТЫНДАР ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Уақыты: 29.10.2019
Оқылды: 198
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Іле Алатауының бөктерінде алма бақтарын сақтау мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырды. Бұл туралы "Қазақпарат" тілшісі Еламан Тұрысбеков жазды.

Іле Алатауының баурайындағы алма бақтарының жайқалып өсуіне кедергі көп. Күтімге алынбай, табиғат байлығына шабуыл жасалады. Мемлекет басшысы бұл мәселені аяқсыз қалдырмай, арнайы тапсырма берді. "Бұл – айуандық. Мұндайға жол берілмеуі керек. Өкінішке қарай, бұл тиісті органдардың салғырттығы салдарынан болып отыр. Іле Алатауының бөктерінде алма бақтарын сақтау және өсіру мәселесі ерекше бақылауға алынуы керек. Бұл – Алматы қаласы мен бүкіл Қазақстанның игілігі. Қала маңындағы табиғатты қорғау аймақтарына түгендеу жүргізіп, оларды пайдаланудың қатаң рәсімдерін белгілеу қажет. Әкімдік қаланы көгалдандыру және аты аңызға айналған Алматы апортын қалпына келтіру жұмыстарын жандандыруы тиіс. Әйгілі Ботаникалық бақты – қаламыздың өзіндік символын қалпына келтіру қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Алматыны әлеуметтік-экономикалық дамытуға арналған отырыста басқа да мәселелер қаралды. Айта кетейік, бұдан бұрын Алматы тауында қара топырақты ұрлау фактілері анықталған еді. Сондай-ақ, полиция Алматыдағы жеке алма бақтарын шауып тастау фактілерін тергеп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"