АЛДЫН АЛА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАБЫЛДАЙДЫ

Уақыты: 14.11.2019
Оқылды: 1214
Бөлім: САЯСАТ

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында ағымдағы жылдың 21 қарашасында Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпыреспубликалық іс-шарасы ұйымдастырылады.

Осыған байланысты 2019 жылдың 21 қарашасында, сағат 09.00-де Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы БАТАЛОВ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.

Азаматтарды қабылдау Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, №38 үй мекенжайы бойынша, облыстық әкімдіктің ғимаратында (шағын зал, 3-қабат) өткізіледі.

Қабылдауға алдын ала жазылу  8 /7282/ 24-71-40 телефоны бойынша жүргізіледі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"