"ЕСЕПТІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ": ПРЕЗИДЕНТ КӨЗБОЯУШЫЛЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙДЫ

Уақыты: 15.11.2019
Оқылды: 1070
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте жаңа мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарламаны даярлау кезінде алдыңғы жобаларды қабылдауда кеткен қателіктерді ескеруді тапсырды.

«Біз бос әуреленіп, көзбояушылықпен айналыспауымыз керек. Жаңа мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарлама даярлау кезінде алдыңғы бағдарламалардың қателігін ескерген абзал. Жеңістеріміз жайлы есептің қажеті жоқ. Шынайы талдау мен тиімді әрекеттер керек», - деді Президент. 

Президент Үкімет пен Парламент депутаттарының, облыс әкімдерінің міндеті – Елбасының ұзақмерзімді Стратегиясы, Ұлт жоспары мен Бес институционалдық реформаны толыққанды жүзеге асыру екенін еске салды. «Тек сонда ғана тегеуріндер мен қиындықтарды еңсере аламыз», - деді ол.

"ҚАЗАҚПАРАТ"