Қ.ТОҚАЕВ: "ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАЛАР УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ"

Уақыты: 12.03.2020
Оқылды: 1159
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстанда коронавирус қаупіне байланысты қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ желідегі парақшасына жазды.

Желідегі жазбасында Президент: "Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды бірге еңсереміз", - деді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"