КОРОНАВИРУС: Қ.ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ САБЫР САҚТАУҒА ШАҚЫРДЫ

Уақыты: 15.03.2020
Оқылды: 1113
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қауіпті індеттің таралуына байланысты халықты сабырға шақырып, әлеуметтік желіге жазба жариялады.

- Өкінішке қарай, коронавирус Қазақстанды да айналып өтпеді. Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдауда. Жағдай толық бақылауда. Сабырлық танытып, жеке гигиенаны сақтау қажет. Арандатушылар жазаланады. Баршаңызға мықты денсаулық тілеймін. Біз біргеміз, - деді Мемлекет басшысы.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"