ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ БЕЙБІТ МИТИНГ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Уақыты: 25.05.2020
Оқылды: 1845
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы "Ақорданың" баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңдардың толық мәтіні мерзімді баспасөзде жарияланады.

Естеріңізге салсақ, бейбіт митинг туралы Заң жобасы өңірлердегі басқосуларда бірнеше мәрте талқыланып, түрлі қоғамдық пікірлер тыңдалған болатын.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан