МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: "ЕШКІМ ОҚЫМАЙТЫН ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ҚАРЖЫ БӨЛМЕУ КЕРЕК"

Уақыты: 28.05.2020
Оқылды: 867
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ әлеуметтік желідегі парақшасына отандық ғылымға қатысты пост жариялады. Онда қажетсіз ғылымға ақша шығындамау мәселесіне тоқталды.

"Біз ғылымға бөлінетін қаржыны жоспарлы түрде арттырып келеміз. 2025 жылға қарай оның көлемі жалпы ішкі өнімнің 1 пайызына жетеді. Көп жағдайда ешкім оқымайтын, қажетсіз зерттеулерге қаржы бөлмеу керек. Әр ғылыми жұмысқа қатаң талап қойылып, нақты нәтижесіне қарай бағалануға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"