"АЗАЙМАЙ ОТЫР": ПРЕЗИДЕНТ КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНАН САҚТАНУҒА ШАҚЫРДЫ

Уақыты: 04.06.2020
Оқылды: 1020
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтік комиссия қабылдаған барлық іс-әрекеттерге қарамастан, қазақстандықтар арасында індетке шалдығу оқиғалары азаймай отырғанын мәлім етті.

Бұл туралы Президент "Twitter" парақшасына жазды.

«Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. Коронавирустың екінші толқынының қаупі сейілмегенін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да растады. Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын», - деді Қазақстан Президенті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан