ПРЕЗИДЕНТ ВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ДЕПУТАТТЫҢ САУЫҒЫП КЕТУІН ТІЛЕДІ

Уақыты: 13.06.2020
Оқылды: 1474
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы халық қалаулысы, қазақ өнерінің жарық жұлдызы, әнші Бекболат Тілеуханның коронавирус жұқтыруына байланысты желіде пост жариялады.

Президент әлемге тараған дерттен Қазақстан азаматтарын сақтануға шақырып, карантин талаптарын орындауға шақырады. Сондай-ақ, депутат Бекболат Тілеуханның сауығып кетуіне тілектестік танытты. "Белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық өнерінің майталманы Бекболат Тілеуханға індеттен тезірек сауығып шығуын тілеймін. Барлық азаматтарды дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырамын", - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан