"ОҚШАУЛАНДЫ": ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Уақыты: 18.06.2020
Оқылды: 1626
Бөлім: САЯСАТ

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ коронавирусқа шалдығуына байланысты оқшауланды. Бірақ жұмысын қашықтан жалғастыра береді. Бұл туралы Елбасының ресми сайты мәлімдеді.

«Қазақстанның Тұңғыш Президентінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Осыған байланысты Елбасы оқшауланды. Бірақ алаңдауға еш негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеуді жалғастыра береді», - делінген Елбасы сайтындағы хабарламада. Сондай-ақ бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай "Twitter" парақшасында да бөлісті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"