ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІНГІ ДАМУ: ЖУЫРДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

Уақыты: 25.08.2020
Оқылды: 1477
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 1 қыркүйек күні халыққа дәстүрлі Жолдауын арнайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасына жазды.

"Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады", - делінген Берік Уәлидің жазбасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан