ПАРТИЯНЫҢ ТӨРТ ЖҮЗДЕН АСТАМ ШТАБ МҮШЕСІ ЕЛБАСЫ АЛҒЫСЫН ИЕЛЕНДІ

Уақыты: 30.01.2021
Оқылды: 1299
Бөлім: МІНБЕР

Электоралды науқанда өңір тұрғындары "Nur Otan" партиясына сенім білдірді. Нақты істердің партиясы сайлаушылардың 72,41 пайыз дауысына ие болды.

Штаб мүшелері мен үміткерлер үлкен қалалардан бастап, шалғайдағы ауылға дейін үгіт-насихаттық бағытта 6 мыңнан астам шара жүргізді. Шаралар 400 мыңнан аса сайлаушыны қамтыды. 703 үміткер мен 3900 сенімді өкіл, белсенді жастар бұл науқанда әр үйді аралап, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, қоғамдық қабылдауда азаматтардан түскен 4 мыңнан астам өтінішті қарады. Сөйтіп, сайлаушылардың үлкен сеніміне ие болды.

Осындай жұмыстың нәтижесін тағы бір игі шарада көрдік. Еңбегі еленген партияның 400-ден астам штаб мүшесі Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Сайлау науқанында Алматы облысы бойынша 21 штаб қызмет атқарды, оның құрамында 279 адам жұмыс істеді. Сайлауалды штаб мүшелерінің атқарған еңбегі өте зор. Маңдай тер мен табан ақының ақталғаны - ол әрбір сайлаушының "Nur Otan" партиясына берген дауысы екені сөзсіз.

Бұдан бөлек, белсенді жұмыс атқарған сенімді өкілдер мен "жасотандықтарды" партия Төрағасы бірінші орынбасарының 1500-ден аса Алғыс хатымен марапаттау жоспарланған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"