"НҰРОТАНДЫҚТАР" ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ - НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Уақыты: 17.03.2021
Оқылды: 1052
Бөлім: МІНБЕР

"Nur Otan" партиясының Алматы облыстық филиалы Ұлыстың ұлы күнін атап өтті. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Ұлыстың ұлы күні - 22 Наурыз мерекесіне орай, Алматы облыстық партия филиалының ұжымы карантиндік талаптарға сай іс-шара өткізді.

Өз құттықтау сөзінде облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Тойлыбаева: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыз мейрамының мазмұнын одан әрі байыту керектігін айтқан еді. Наурыз мейрамын тойлауға байланысты іс-шараларды 10-24 наурыз аралығында 10 күн бойына өткізу жоспарланған. Осы ретте, ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүрлерімізді жаңғыртудың маңызы өте зор. Ендеше Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында әріптестеріме тілерім береке-бірлігіміз артып, әр отбасына амандық, еңбектеріңізге зор табыс тілеймін!» - деп атап өтті.

Шара жалғасы күмбірлеген күй және әсем бимен жалғасып, Наурыз мерекесінің сәнін келтірді. Шара қорытындысы ақ бата берумен жалғасып, ізгі құттықтаулармен тәмамдалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"