Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

"NUR OTANDA" ТУРИЗМ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТЫҢДАЛДЫ

Уақыты: 14.12.2021
Оқылды: 536

"Nur Otanda" "Мирас" қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында тиісті басқармалардың жұмысы тыңдалды.

Елдің рухани дамуы мен кемелденуі үшін ең маңыздысы мәдениет саласы екені мәлім. Құлақтан кіріп, бойды алар тәтті әуен мен күмбірлеген күй, әуезді әуенмен үйлесім тапқан ырғақты би, рухани байлық сыйлайтын театр, кітапхана бәрі де осы мәдениет ұғымы аясында бірігіп, елге қызмет етіп келеді.

Қазақылығы бұзылмаған Алматы облысының мәдени саласы бүгінде республиканың алды болып, руханияттың үлгісіне айналып отырғаны мәлім. «Nur Otan» партиясы Сайлауалды бағдарламасының «Тарихы мен мәдениеті бай аймақ» бағыты бойынша «Көлсай көлдері», «Шарын», «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінде туристік маршруттар бойында инфрақұрылымды дамыту бойынша атқарылған жұмыстар тыңдалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"